+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АЖАЛДАН АМАН ҚАЛҒАН ӘЛКЕЙ ...


 

Саяси-қуғын сүргіннің бір сойылы атақты археолог Әлкей Хақанұлы Марғұланға да тие жаздаған. Әлекең Семейде педагогикалық техникумды оқып жүргенде Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаевпен жақын араласқан.Осы аралас-құраластық кейін  Әлекеңе ажал құрығын салуға сәл қалды. Ресейде аспирантурада оқып жүрген кезде, «Алаш» партиясының белсенділерімен араласқансың»,-деп айып тағуға жарап жатты. Аспирант Марғұланға милицияда істейтін досы күні бұрын келіп, бой тасалап елге қашуына кеңес береді. Алайда, басы артық қалтасында қаржысы жоқ Әлкей әке түн ортасында жандайшаптар есігін қаққанда өз-өзіне қол салып, кеңірдегін ұстарамен тіліп жіберген. Әйтеуір,Ленинградта дәрігерлердің арашасымен аман қалған. Қырылдап сөйлейтін дауыста содан кейін пайда болған. 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

509

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз