+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"Атаң бөлек, аттан түс..."


 

«Мен «Әпкені» жылап отырып жазғам. Өзім әпкелерімнің қамқорлығын көріп ержеттім. Әпкелерім болмаса, бүгінгідей жазушы болар ма едік, болмас па едік…

Әкеміз соғыстан қайтқан жоқ. Ал оқушы кезімде анамыз қайтыс болды. Сондықтан екі әпкем үйдегі балаларды кезек-кезек келіп қарады. Тіпті, тұрмыста екендерін, өз үйлерінің барын ұмытты. Әпкелерім айлап жатып, бізді қараған кезде бір күні жездем келіп: «Әй, Бибіқали, үйге қайтасың ба, жоқ па? Балалар биттеп-құрттап кетті ғой. Үй-жайыңды, бала-шағаңды ұмыттың ғой, тегі», - деді ренжіп.  Сонда әпкем: «Бала жалғыз менікі емес. Сен олардың әкесісің! Нәбиалы үйленбей, мен бармаймын.  Маған баладан гөрі бауыр қымбат. Бала табылады әлі, ал бауырды тауып беретін шешеміз қайтыс болып кеткен», – деді. Осындай сөзді қазір айта аламыз ба?! Ал менің әпкем айтты.

Интернатқа тапсырмау үшін 17 жасымда үйлендіріп, өз үйлеріне кеткен соң, осы болған оқиғалар «Әпкені» жазуыма түрткі болды», - деп еске алады жазушы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1023

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз