+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Сәбиттің сатқындығы


1967 жылы Қарағандыда алғаш драма театр ашылып, Сәбит Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы қойылған. Алматыдан театрдың ашылуына келген Сәбитті жергілікті жазушы-журналист Жайық Бектұров үйіне қонаққа шақыруға ыңғай танытқанда, Сәбит «Жаке, осы залда атақты Әлімхан Ермеков отыр деп естідім. Сол кісімен бір кездесіп, әңгімелескім келеді. Шоқан Уәлиханов туралы трилогия жазғалы жүр едім, соған қатысты Потанин туралы мәлімет сұрағым келеді.Әлімхан жас күнінде Потанинді ертіп Баянауылға келіпті ғой. Қысқасы, Шоқан, Потанин туралы білгім келеді. Қонаққа тек ресми биліктен ешкімді шақырма, екеуден екеу кездеселік»,- депті. Әлекеңді Жайық аға қонаққа шақыра барғанда, «Менімен Сәбиттің арасында қандай әңгіме болуы мүмкін екен?»-деп еріксіз мырс етіпті. Сонымен кешкілік жазушы мен ғалым журналистің үйінде кездесіп, Сәбең  көсіліп сөйлеуге кірісіп кеткен екен. Сексенге таяған Әлімхан аға:

-Сәбит, неге Мағжан мен Жүсіпбекті, ағартушы Ақаңды ақтап алмайсыңдар, мерзім жетті ғой?-,деп тарпа бас салды деді. Күмілжіген болып Сәбит «ана органдар әлі рұқсат бермей жатыр»деген сыңайда мардымсыз жауап айтыпты. Осы азаматтардың басы шырғалаңға түсуіне Сәбиттің де тікелей қатысы барын біліп,Әлекең  жорта сауалға салған. Үзілген әңгіме қайта өрбіп бір кезде Әлімхан аға «жаңағы пьесаңда Сәкен Сейфуллин барып Әлихан Бөкейхановқа «Әй, сен төбет!»-деп зіркілдеп сөйледі ғой. Сен сол диалогты  автор ретінде қайдан алдың? Сәкен Әлиханға төбет деп айтпақ түгіл шаңына ілеспеді.  Сәкенге сенімсіздік танытқан Бөкейханов оны «Алаш» партиясының маңынан жүргізген жоқ. Сен болсаң тарихқа қиянат жасап не істедің?!» дегенде, Сәбит: «қой ондай  диалог қойылымда болмаған секілді еді» деп қызарта бөртіп, ыңғайсыздана күліп, өтірігіне өзі түйіліп, біресе Әлімханға біресе Жайыққа қарап жер болды дейді.

 

Әлімхан Ермеков – Қазақтан шыққан алғашқы математик, тау-кен инженері, «Алаш» партиясының белсенді өкілі, Қазақ елінің шекарасы белігіленіп жатқанда 1920 жылдары В.И. Ленинге екі сағат ішінде қазақ жерлерін ғылыми, картографиялық,статистикалық мәліметтермен дәлелдеп, Каспий маңындағы екі облыс пен Солтүстіктегі аймақтарды қазақтың еншісіне алып қалған тұлға. 18 жыл сотталып, Сібірдің итжеккенінде 3 рет айдауда болған адам. Қартайған шағында енді Сәбитке Потанин туралы мәлімет керек болып іздей қалғанын қара....        

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1131

4 comments

  • Бейсенбі, 07 Қаңтар 2016 19:48 Жулдыз

    Салеметсиз бе! Алимхан Ермеков менин атам осы Жанна Кыдыралинанын Нартулга атты шыгырмасын кайдан алуга болады

  • Бейсенбі, 07 Қаңтар 2016 08:24 Руза

    Керемет, мен үшін тың мақала екен. Қандай материалдарды пайдаландыңыздар, егер шынайы болса, баршамен бөлісу керек. Өзім насихаттаймын, бөлісемін

  • Бейсенбі, 07 Қаңтар 2016 01:02 Мен

    Ретін тапсақ, өз тұлғаларымызға тиісуді қойсақ. Елдіңесінде есімдері ерекше аталатын мықтыларымыздың басым бөлігі "сатқын" болып шыға келеді. Өткенге дұрыс қарайық.

  • Сәрсенбі, 06 Қаңтар 2016 17:26 Ақан

    Сəкен, Сəбит сияқты кеңестік қазақ әдебиетінің негізін қалаушылар таптық күрес желеуімен кəдімгі күншілдік пен бақталастық пиғылдарын істеді. Бірақ анадай болады деп,ойлаған емес шығар. Əрнəрсенің де аяғы болады, ашылмай қалған сыр болмайды.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз