+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



8-ші пәтер


Солтүстіктегі қазақ жерлерін Ресейге қосылудан сақтап қалған Алаш азаматы, алғаш жоғарғы оқу орындарына арнап «Ұлы математика курсы» оқулығын  жазған Әлімхан Ермековке  18 жыл Сібірге үш рет айдалып босап шыққасын, Қарағандыдан пәтер беріпті. Ол кісіні негізі «Совет үкіметіне қарсы насихат жүргізген» деген айыппен Қылмыстық Кодекстің  58 бабы 8 тармақшасымен соттаған. Әлекеңді Қарағанды қаласының қақ ортасындағы Ленин көшесі 58 үй,  бірінші қабаттағы 8 пәтерге қоныстандырған. Әдетте, санақ бойынша 8 пәтер екінші қабаттың еншісіне келетін болса, әдейі сол үшін қауіпсіздік комитеті  пәтерлердің реттілігін өзгерткізген. Үй 5 пәтерден бастап саналатын болған.  Не деген өшпес өшпенділік  десеңізші!     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

291

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз