+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Итальяно


Алаштың ардақты азаматы Әлімхан Ермеков 18 жыл сотты болып, кейін 1957 жылы толық ақталғасын Қарағандыдағы институтта оқытушы болып істеп жүріпті. Бір күні Ленинградтан Әлекеңді ерлі-зайыпты екеу арнайы іздеп келген. «Мен де профессормын, әйелім - доцент, Ленинград университетінде сабақ береміз. Сіз Томскіде оқығанда менің атам революционер Дволейскиймен дос болған екенсіз. Ал келіншегім социал-демократ Бауэрдің немересі болады», - депті.

 

Бір кезде Әлімхан аға «Сіздің атаңыз Дволейский осылайша айтып отыратын» деп әңгімесін итальян тілінде жалғай жөнеліпті. Ана екеуі Әлімхан ағаның итальян тілінде сөйлегеніне таң қалып әрі сүйсініп өздері де одан әрі әңгіме-сұхбатты өзге тілде өрбіткен. Сөйтсе Әлімхан Ермеков ағамыз 18 жылға қамалғанда итальян тілін түрмеде жүріп үйреніп, тіл сындырған екен. Не деген талант десеңізші?! Онымен қоймай өзі секілді сотталушылар мен түрме басшылығына математикадан сабақ өтіп, коллониядағылардың біршама білімін көтерген. Талантты ұстаздың сабағы да қызық өтеді екен, бәрі Ермековтың сабағынан қалмайтын болған.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

218

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз