+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Майраның тегі


Баспасөз бетіндегі кейбір деректерге жүгінсек, Майраның әкесі Уәли көпес Забиров деген саудагерге еріп Уфа қаласынан Ақмолаға келеді. Содан саудагерлік жолды қуып, Керекуге көшеді. Майра осы Кереку топырағында дүниеге келген. Уәлидің әйелі қазақ қызы Қатира. Қатираның жамағайын туыстары Павлодар облысының Ақсу ауданында әлі де бар. Оған немере нағашы болып келетіндердің бірі облысқа белгілі әнші, қарт әртіс Қайырбек Тайкенов тоқсан екі жасында былтыр дүние салды. Демек, Майраның анасы - татар Жәмилә Нәжмиддинқызы емес, қазақ қызы Қатира. Әкесі Қазан губерниясы, Маматшы уезінен келген татар Сабыр Шамсиддинұғлы емес, Уфадан келген Мұхамедуәли Шамсиддинұғлы. Оған дәлелді құжат бар. Ол – Павлодар мешітінің өлгендерді жазуға арналған 1927 жылғы “Дәптері”. Осы дәптердің төртінші бөлімінің алтыншы бетінде “Өлген кісінің есімі – Маңира. Айы – күні ғинуардың 26-ы. Жексенбі. Ата-бабаларының есімдері: фамилиясы – Шамсуддинұғлы, ақсақ Мұхамедуәлиқызы. Жасы 38-де” деп жазылған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

256

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз