+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Майра, Майра қызыл тілім сайра...


Майра әндерінің стильдік ерекшеліктеріне келер болсақ, олардың ладтық арқауы — диатоника. Негізінен миксолидиялық, эолиялық, иониялық және ауыспалы ладтық жүйелер кездесіп отырады. Орыс әндеріне тән гармониялық лад мүлде кездеспейді. Осыған орай бір кездері айтылған А.Жұбанов пікіріне де жаңаша қарау қажет. Орыс әндерін құйқылжыта орындасә да, Майраның өз шығармаларынан, А.Жұбанов көрсеткендей, орыс әндеріне тән стильдік құбылыстарды байқау қиын. Майра әндері қазақтың, соның ішінде Арқаның әншілік дәстүрінде көрінеді. Бұған күмән келтіруге әсте болмайды. Әрине, Майра шығармашылығын зерттеген ғалымдардың бұл мәселеге қосқан үлестерін жоққа шығаруға болмайды. А.3атаевич оның 13 әнінің ноталық мәтінін жариялаған болса, А.Жұбанов алғаш рет «Атым Майра» әнін қағазға түсірген, Бұл аты шулы әннің А.Затаевич назарынан тыс қалуы бізді қатты ойландырады. «Майра» — көңілді, ойнақы орындалатын шығарма. Децима көлеміндегі ақжарқын әннің ырғақтық жүйесінде үш және екі үлесті әлшемнің аралас кездесуі әнге ерекше керік беріп, ха~ра-ра~ра рай-ра дөп келетін қайырмасы анық Арқа әндерімен туыстырады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

384

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз