+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Білезік. Ұрпақ сабақтастығының белгісі

  • Сәрсенбі, Қаңтар 13 2016

Білезік – сөзі білек және жүзік сөздерінің бірігуінен шыққан. Білезікті әр түрлі жастағы және әлеуметтік деңгейі әртүрлі әйелдер мен қыз-келіншектер таққан.

Әйелдер білезігі ұрпақ сабақтастығының нышаны ретінде танылды. Мәселен, ертеден бері қалыптасып, жалғасып келе жатқан дәстүрдің бірі, қолындағы білезігін келініне сыйлауы – ененің аманаты. Енесінен сыйға алған білезікті, келіні ертеңгі күні өз келініне сыйлауды өзіне міндет санаған.

Білезіктің түрлері

Әр өңірде білезіктің өзіндік ерекшеліктері болған. Шығыс Қазақстанда білезіктер жұмыр және төрт қырланып соғылады. Солтүстік және орталық Қазақстандағы әйелдер жұқартып созылған, ширатылған білезіктерді қолданған. Оңтүстік өңірлер құйма, үлкен, сом білезіктерді жасаса, батыстағы жұрт көзді білезіктерді қалаған. Көзді білезіктерді үзбелі деп те атайды.  Әр үзбенің үстіне тас орнатылады. Аталмыш білезікті көбіне батыс айтақтарда көп қолданған. Сәнді әрі бағалы саналатын 2-3 жүзікке шынжырлар арқылы бірігетін білезік жүзікті деп аталады. Баса назар аударатын білезіктің тағы бір түрі бес білезік. Оның бес саусақтың барлығына киілетін бес сақинасы болған.

Жалпы білезіктің  құйма білезік, қос білезік, қуыс білезік, бес білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, жалпақ білезік, сом білезік, жұмыр білезік, өбістірме білезік сынды түрлері өте көп.

Әшекейді неден жасаған

Білезік сонау тас дәуірінен бастап әйел әшекейі ретінде қолданыла бастады. Ежелгі білезіктер сүйектен жасалған. Бертін келе білезікті күміс, алтын және өзге де қолда бар металдардан жасай бастады. Алайда, көбіне әшекейдің күмістен жасалған түрі көптеп таралды. Өйткені күміс қазақ ұғымында киелі металл болды. Ата-бабаларымыз күміс тиген жерін тазартатын күшке ие және адам денсаулығына да тигізер пайдасы мол деп санайды.

Әшекейлі бұйымдар санатына жататын қымбат блезік түрлерін дәстүрлі қазақ қоғамында зергер ұсталар арнайы соғатын болған.

 

munara.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
1431





Пікір қалдырыңыз