+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қазақтың Ерасыл батыры қалайша «ҚАБАНБАЙ» атанды? (ВИДЕО)


Қабанбай батырдың азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 жылы сонда дүние салған. Ерасылдың 7 жасында әкесі Қожақұл, кейін ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. 16 жасар бала туғандарының кегін қайтару мақсатында жау арасына жасырын барып, ағасының басын алған жоңғар батырын өлтіреді.

 

Осыдан кейін Ерасыл із жасыру үшін Зайсандағы Керей еліне кетіп, апасы мен жездесі Бердәулеттің қолында болады. Бір күні жылқы қайырып жүріп, ойда жоқта бір тобыр жабайы қабанға тап болады. Қолындағы найзасымен оларды жайратып салады. Ерасылдың аман екенін көрген жездесі «Өзің нағыз қабан екенсің ғой, бүгіннен бастап атың Қабан батыр» болады деген екен. Жездесінің аузы дуалы болды ма, осылайша ел арасында Ерасыл батыр «Қаракерей Қабанбай» атанып кетеді.

Толығырақ төмендегі видеодан көре аласыздар:

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1163

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз