+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚАРА ЖОРҒА» композициясының мұндай түрін көрген жоқсыз!


Күй орындап тұрып, ән айтып, сондай-ақ, билеп үлгеретін өнер түрін көрген бе едіңіз? Көз алдыңызға елестетіп көріңізші... Әлбетте, оған асқан дарындылық мен еңбек қажет емес пе? Мұндай шығарма мен орындаушы бар ма десеңіз, елімізге белгілі, талантты жастардан құралған «Тұран» этно-фольклорлық ансамблін атар едім.

 

Саусақтары майысып, бірі домбырада, бірі қобызда, бірі жетігенде және тағы басқа ұлтымыздың көне аспаптарында өнер көрсетіп жүрген жігіттердің киім киісі, ән айту стилі атына сай. Бір шығарманы орындап отырып, бірнеше аспапқа жан бітіру кез-келгеннің қолынан келе бермес.

 

Халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен ансамбльдің «Қара жорға» композициясын назарларыңызға ұсынғым келеді!

 

Топ мүшелерінің шығармашылығымен таныс болмасаңыз, өнерлерін тамашалап, өз бағаларыңызды беріңіздер!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

200

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз