+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қазақ баласының ойыншығы


Бұрын қолдан таутекенің мүсінін ағаштан жонып, аяқтарын бөлек жасап, қозғалып тұратындай етіп, жіппен жалғастырып, ұзындау берік жіп байлайтын. Үйдің өрлігіне, не тіреуіне қағылған шығыршықтан өткізіп әкеліп, бір ұшын қолға іліп, домбыра тартқанда, ол кәдімгідей орғып, қарғып, секіріп, оңға-солға бұлтыңдап, ойнай жөнеледі. Осы ойыншықты «ортеке» дейді. Оның әлгі қимылдарын «Ортеке биі» деп атайды. Осымен бала ойнатады. Киіз үйде болса, тартпа жіп шаңырақтың күлдіреуішінен өткізіледі. Бұл – қазақ баласының ерте заманнан ойнап келген ойыншығы. Қазіргі мультфильмдегідей қимылдайтын «жанды» ойыншықтың бір түрі осы болған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

211
Кілт сөздер:

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз