+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"Маңғыстауда - Пір Бекет..."

  • 20.01.2016

 Бекет Ата Мырзағұлұлы - қазақтың батыры, қолбасшы, ағартушы, ойшыл, сәулетші.

Жастайынан оқу-білімге құмар, ерекше дарынды, парасатты болған. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқыған.

Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:

біріншісі - халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр;

екінші - ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы;

үшінші - ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші;

төртінші - мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.

Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, «Мединеде - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет» деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Ұлы дала елі»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз