+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қобыланды батыр

  • 21.01.2016

 Қобыланды  – аты аңызға айналған халық батыры (XV ғ.) Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан «Ақжол» атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз