+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ақын неге жылады?


«Ал Әбділда Тәжібаевтың Мағжанға соншалықты шүйлігуіне не себеп болды екен?». «Бүгінде арамызда жоқ адам туралы айту да қиын. Менің білетінім, Әбекең өзінің қателігін түсінді. «Бұл менің де, мені тәрбиелеп, сөйлет­кен ағаларымның да кешірілмейтін күнәсі», деп жазуы осының дәлелі. Әбділда Тәжібаевтың Мағжанның 1989 жылы шыққан жинағына алғысөз жазғанын білесіз. Міне, осы алғысөздің төңірегінде қаншама әңгіме көтерілді. Біле білсеңіз, бұл да Әбекең үшін күнәсін жуудың бір жолы еді. Әйтпесе, Әбділда Тәжібаев Мағжанды түсінбеді, бағалай алмады деп айтуға болмайды. Бертін оңашада Мағжанды оқып, оқыған сайын егіліп жылағанын айтып жүргендер бар ғой. Біз осылай топшылаймыз. Әбекеңнің өзі ешкімге тіс жарып, сырын ашқан емес. Бәрін өзімен бірге ала кетті».

 

Мұрат Әуезов   мәдениеттанушы 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

565

2 comments

  • Дүйсенбі, 25 Қаңтар 2016 21:20 Тынысбек

    Әбділда ағамыз Мағжанның жинағына алғы сөз жазарда үлкен қарсылықтар туды,себебі Мағжанды қаралаған қаламгерлердің бірі еді. Заман солай болды десек те қаламгерлердің бәрі бірдей белсенді болмағанын да ұмытпалық.

  • Дүйсенбі, 25 Қаңтар 2016 11:40 Ырымхан

    ӘбділдаТәжібаевтың "Аямастан көзін жойдық, Қан сасыған жауыздарды" деген 38-жылғы өлеңін, ертеде шыққан кітабынан оқысаңыз болады.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз