+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"Желсіз түнде жарық ай"


Желсіз түнде, жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп".......Абайдың бұл әнді білмейтін қазақ жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының делегациясы Францияға барған кезде (ол кезде гимн "Менің Қазақстаным"емес) еліміздің гимнін қойыпты. Ресми протокол бойынша солай жасалады. Барлығы гимн әуені естілгесін орындарынан тұрыпты.Араларында Олжас Сүлейменов те бар дейді. Алайда, ешқайсысы гимнің мәтінін білмейді екен. Қызарта-бөрте ұялған топ басында біраз аңырап тұрып қалды дейді. Топ ішіндегі біреу бір кезде Абайдың әніне басыпты. Нақты қай әнді айтқанын ұмытып қалыппын. Шамалдан кейін сөз бен ән бір біріне келмесе де барлығы еріндерін жыбырлатып Абайдың әніне салыпты.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

179

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз