+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Әйгілі «Ақ бұлақ» әнінің авторы кім?


«Ақбұлақ» әніне қатысты өнертанушылар арасында даулы пікірталас бар. Әрине бұл тұста әннің әуені композитор Бәкір Тәжібаев екеніне ешкім сөз таластырмайды. Керемет ойнақы қайырманы сөзге салып әнге айналдырып жіберді. Алайда, сөзі Бәкір ағаныкі емес, Сегіз Серінікі. Оған дәлел болатын дерек жеткілікті. Орыс патшалығынан қуғын көрген Сегіз Сері Батыста Махамбет және Исатаймен тізе қосып, бірнеше жыл араласқан.  Көрікті «Ақ  бұлақ» деген жерде сарбаздар демалып, табиғатына тамсанған екен дейді. Өлеңдегі «Исатай мен Махамбет, сенен атын суарған», болмаса «Айналайын, Ақбұлақ, сенен артық өлкені, Кіші жүзден табам ба?»-деген жерлерінін Бәкір ағамыз «Сенен артық өлкені, бұл әлемнен табамын ба?»деп өзгертіп жіберген. Солайша, тарихқа, өнерге қиянат жасалып кеткен.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

903

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз