+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Сегізінде құралайды көзге атқан


Сегіз сері -арғы атасы Қожаберген — әрі ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған. Баласын жастайынан мұсылманша өзі оқытып, мылтық атуға, садақ тартуға, найза шаншуға, қылыш шабуға, ат өнеріне, балуандықтың айла-тәсілдеріне баулыған. "Сегіз" деп ат қойған — жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңға барып жүргенде сегіз жастағы Мұхамедқанапия оқтап берген мылтықпен қашқан киікті атып түсіріпті. Он үш жасынан домбыра тартып ән айтатыны, есейе келе бүркіт, қаршыға баптап, жүйрік ат ұстайтыны байқалған соң "сері" деген ат қосылған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

186

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз