+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Нүктесі қойылмаған дау


Екі мыңыншы жылдардағы елеулі бір пікірталас атақты Сегіз сері хақында болды. Ол жөнінде осы уақытқа дейін 252 мақала, 43 кітап жарық көріпті. Сегіз сері хақындағы зерттеулер 1970-жылдардан бастап көріне бастады. Осы кездерде серінің өмірбаянын, шығармашылығын зерттеген тарихшы И.Кенжалиевтің бірнеше мақалалары жарық көрді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Сегіз сері жайлы зерттеулер қанат жайып, түрліше пікірлер бой көрсетті. Сегіз сері туралы пікірталастың өрши түсуіне 18 жылдан соң И.Кенжәлиевтің бұрынғы айтқан пікірлерінен өзгеше – серінің өмірде болғанына, оның шығармашылығына күмән келтірген «Сегіз сері деген кім?» атты мақаласының «Жалын» журналында жариялануы себеп болды. Сөйтіп 2006-жылы Сегіз сері туралы пікірталас бұрқ ете қалды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

230

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз