+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Мағауин шәкірттерінен не күтті? (ВИДЕО)


Шамамен 1989 жылдары елге есімдері белгілі болып жүрген біршама жас қаламгерлердің басын Мұхтар Мағауин қосып, жазушылыққа баулып, ұстаздық етіп жүрді. Ол кезде қазақтың классик жазушысы «Жұлдыз» әдеби журналын басқарып отырған кезі еді.

 

Өзі іріктеп алған 20 шақты қаламгерге журналдың бесінші санын тұтас арнады. Жастардың шығармаларын білдей баспаға шығарып, қуантты, қолдады. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, бүгінде Роза Мұқанова, Жүсіпбек Қорғасбек, Асқар Алтай, Талаптан Ахметжан, Нұрғали Ораз, Дихан Қамзабекұлы, Ермек Аманшаев сынды әдебиет өкілдеріне тәлімгер болды, бағыт-бағдар көрсетті, таланттарына жол ашты. Міне, азаматтық деп осыны айт! Әдебиеттің нағыз жанашыры болды емес пе?

 

Ал бүгінгі жас ақын, жазушы, публицист, журналистердің басын қосып, үйретіп, шығармаларына демеу болып жүрген жандар бар ма?

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

343

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз