+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Зергерлік бұйым – қазақ әйелінің жақұты


Қазақ әйелдері ежелден киімнің тәуірін киіп, әшекейдің асылын таққан. Саусақтарына сақина-жүзік, қолына білезік, құлағына сырға тақты.

 

Әйел әшекейлері тек сән үшін ғана емес, әдет-ғұрып, наным-сенімге де тікелей қатысты болғандықтан. Қазақ халқының дәстүрі бойынша, қыздар мен әйелдердің әшекейсіз жүруі әдепсіздік болып саналған. Өйткені әшекейді тек қаралы күндері тақпайтын болған. Сондай-ақ, таққан әшекейіне қарай әйелдің жасын, әлеуметтік тобын, қай аймақтап екендігін ажыратуға болады. Мәселен ауқатты отбасынан шыққан әйелдер бұйымдарды алтыннан жасатса, орта топтағылар көбіне күміс әшекейлерді таққан. Күміс – денсаулыққа ем, тазалық беретін қорғаушы күші бар металл ретінде қасиетті деп санаған.

 

Ал әшекейге орнатылған тастардың белгілі мән-мағаналары да болады. Мысалы, ақық тасты жын-шайтандар келетін аурудан қорғау үшін жүзік, білезіктерге орнатқан екен.

 

Бұл видеода зергерлік бұйымдардың көз тоймастай әдемілігін ғана емес, оларды жасайтын ұсталардың (зергер )қажырлы еңбегі мен шеберлік өнеріне мән бердік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

250

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз