+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Кесте тігу өнері


Қазақта «Анасына қарап қызын ал» деген дана сөз бар. Қыз бала кішкентайынан анасынан өнеге мен тәрбие көзін алмай өспеген. Ата-анасының сөзін алмаса, «бетімен кеткен» немесе «безген қыз» дейтін.

 

Ал бүгінде жағдай мүлдем басқаша. «Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады?» дегендей, ондай өрескел мінез ұшқан ұясынан шығады. Әрине, «сен бәленшеден де әдемісің, одан кем түспеуің керек» немесе «әкеңе саған соңғы модельдегі шыққан ұялы телефонды алғыздым» деп, санасына рухани емес, дүниелік әңгімелерді құйса, жаман әйел шықпай немене?

 

«Баланы жастан» демекші, қолына ине мен біз беріп, кесте тіккізсе, еңбекке баулып, өнерді үйретсе, бәрі басқаша болар еді...

 

Бұл ВИДЕОДА өрімдей қыздың анасынан тәлім алып, қолөнерді үйреніп жатқан сәтін тамашалай аласыз! Сондай-ақ, кесте тігістерінің орындалу әдісімен танысасыз.

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

255

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз