+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"РАХЫМЖАННЫҢ ТУ ТІККЕНІН ДӘЛЕЛДЕГЕН ТӘШЕНОВ"


 

 

Бауыржан Момышұлы бірде  Шымкентке бір үйге қонаққа барса, Жұмабек Тәшенов дастарханнан  төмендеу тұста отырғанын көреді. Дереу «Ау ағайын, қазіргінің батыры мына отырған Жұмабек. Біле жүріңдер, ол неге төрге отырмайды?»-деп сұраулы жүзбен қараса қаумалаған көпшілік сонда ғана өре түргеліп орын берген.  Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының батыры деген атақты алып беру үшін еліміздің жоғарғы Кеңес  төрағасы Жұмабек Тәшенов көп жүгіріпті. Алайда, Кремльден қозғалыс болып болмаса керек. Сол кезде СССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы еңбек демалысына шығып, орнын екі ай Мәскеуде Тәшенов  ауыстырып қызмет істеген.Сол кезде сөзі жерге түспейтін беделді маршал Иван Коневті ресми түрде кабинетіне шақыртқан. Жағдай сұрасқаннан кейін Бауыржан Момышұлына лайықты марапат қажеттігін айтады. Ресми шақыруға тыржиған Конев «Только через мой труп»,-деп самсозданып тұрып жауап беріп, есіктен шығып кете берген екен. Бұл әрекетіне кейін Тәшенов өле-өлгенше өкінді дейді. «Онан да етін асып, қазысын алдына тосып, коньяк шарабын ішкізіп, шапанын жауып, қызарта –бөрткен кезде барып Бәукеңнің жағдайын айту керек еді»,-деп өкініпті.Есесіне, Рейхстагқа алғаш ту тіккен Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігінің дәлелденуіне қамқорлық жасап, құжаттарын жинатқан Жұмекең еді.  

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

822

1 comment

  • Сейсенбі, 09 Ақпан 2016 20:38 габа

    Бул созди ГРЕЧКО АЙТКАН

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз