+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"Алладан мейір, адамнан пейіл...."

Опубликовано Gani Kasimov 11 февраля 2016 г.

Мынау бір дұрыс бастама екен. Бұрыннан-ақ бастайтын қоғамдық шара еді. Осы арағы құрмағырды біреулер сатып тұрмысын түзейді, енді бір сорлы оны ішіп, теңселіп барып шаңырағын шайқалтады. Осындайда кішкентай бүлдіршіндердің шырылдап шарасыз жылағанынан артық қасірет жоқ. Баланың басқа түскен қасіреттен емес, үлкендердің түсініксіз әрекетін түсінбей ашынып жылағанынан артық зар жоқ. Өз баламның көзіне сондай жас іркіліп көрмепті, иншалла көрмеуі де тиіс. Имамдар жұмада ғана мешітте уағыз айтпай, отбасыға бүлікті, ұрыс-керісті, ажырасу төбелесті алып келетін әзәзілді осылай ошағы-дүкен, мейрамханадан, керек болса өндірісінен тоқтату керек. Бюджеттің бүйтіп бүйірін қампайтатын экономиканың барынан жоғы. Арақтан жиналған салық құдай біледі ертең жетімек баланың алиментіне айналып шыға келеді.Әлеуметтік желіде "мынау не масқара?" деген сарында жарияланып жатқан сүреңсіз көріністер, бір-бірімен төбелескен еркектер, шашын жұлған қыздар сол әзәзілдің құрбаны болып, соры қайнап жүр. Бұл ұсынысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолдап, нақты қадам жасаса, имандыққа бет бұрған нақты қадамның бірі болар еді.

НҰРЛАН СОҢҒЫБАЙҰЛЫ журналист  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

622

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз