+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АЗАЛЫ КӨШ


1952 жылы әбден арып-аршыған, тәлтіректей кемеден түскен 2 мыңға жуық қазақты Стамбулда түріктер бауырына басып, баспаналарын берді, кәсіппен айналысуына мүмкіндік жасады. Бұл қазақтар өмірдің шын мәніндегі «тар жол, тайғақ кешуін» көрген қандастарымыздың бір тобы болатын. Бұл 1930 жылдары басталған аштықтан Қытайдан ыға қашқан миллиондаған қазақтың соңғы екі мыңдығы еді. Қытайда қуғынға ұшыраған олар тибеттіктермен де соғысты, Гималай асып, Үндістанға жетті. Жолда аштықтан, соғыстан қырылған адам санында есеп жоқ. Әбден амалдары таусылғасын Халифа Алтай секілді көзі ашық ағаларымыз әлем елдеріне «жан сауға» сұрап, елшілік арқылы хат жолдады. Оларды көшіріп алуға АҚШ пен Түркия ғана келісімдерін берді. Ақылдаса келіп, таңдау - діні бір, тілі ұқсас Түркияға тірелді. Сол кезде кемемен келген қазақтарға баспана үлестірген Түркия Үкіметінің басшысы Аднан Мендерес еді. Балаларды оқуға мектепке беріп, қазақтардың кәсіп істеуіне жол ашты. Қандастырымыз тері илеп, жүннен тоқыма тоқитындықтарын айтты. Осылайша, Түркияда тері киімдерін жасап, экспортқа шығарып, әлемдік нарықта өз орнын алды. Кешегі Хасен Өралтай, Мұстафа Өзтүрік секілді ағаларымыз сол көшпен келген аталарымыздың тұяғы болатын. Түркия қазақтары сол себепті Аднан Мендерестің басына барып құран бағыштап қайтуды дағдыға айналдырған. Өкінішке орай, Аднан саясаттан сәтсіз кетсе де, жан сауға болған тұлғаға қазақтардың құрметтері азайған емес, азаймайды да.         

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

197

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз