+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Орны толған бір олқылық


Шетелдіктердің көбі Астанаға болмаса Алматыға табан тірегенде көбіне көп іші-сырты жылтыр кеңсеге, аспанмен астасқан әйнек ғимаратқа әсте қызықпайды. Ондайдың сан атаулысын күнде көріп көздері үйренген. Көшеде ұлттық нақыштағы сәулеттік ескерткіш, болмаса нақыш көрсе ғана тоқтап соларға мән береді. Тарихын сұрайды,   себептерін біледі.  Сосын ұлттық дәмхана, мейрамханы іздеп, таба алмай таң қалады. «Шығыс асханасына» апара жатсаң, тоқтатып тұрып қазақтың мейрамханасын сұрайды. Тілімізге таң қалған шетелдік міңгірлеп айтқан болымсыз жауабымызға да таң қалады. Түсінбеген күйі, екұдай жағдайда тақырыпты біздер үшін өздері ұялып басқа жаққа бұратын. Алматыда ашылған мына мейрамхана сол олқылықтың орнын толтырды.  Асы емес, көңілге ұлт боламыз деген өрімдердей жастардың бастамасы медеу. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

190

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз