+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚАРИЯЛАР АЗАЙЫП БАРА ЖАТЫР....»


Беу, дүние! Ақмолалық жазушы, ақын Нұрғожа Ораз ағамыз бұл дүниеден дидар ғайып болыпты. Кішіпейіл, әдебиетке, өнерге жанашыр Нұрғожа ағамыз 84 жасқа келсе де, ілбіп таяқпен жүрсе де сұхбат беруге күш жинап, пікірін айтатын. Соңғы рет Әлкей Марғұлан ағаның болмысын сомдауға, фильмге түсуге Нұрғожа аға келісіп еді. Дәл төбесіндегі қобырайған шашы мен Әлкей ағаның жағы солып, дерт дендеген кезіндегі бет әлпеті  бір-біріне аумайды. Сүйретіліп жүріп «Әлкей үшін келістім» деген Нұрағаңның жанарына көз тоқтатып қарап едім, әбден шаршапты, бетінен қан қашқан. Кәрілік жеңген. Бақұл бол, ақын аға!     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

264

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз