+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҮМІТ ПЕН КҮДІК


Құралай көз, қолаң шаш,

Алма мойын, қиғаш қас.

 

Сүйген сәулем Қарлығаш,-деп нәзік тінде, әдемі әуенде айтылатын Ахмет Жұбановтің әніне Қытай елі құда түсіпті. Оны орындап көпшіліктің ықыласына бөленген анау мынау әнші емес, Қытайдың бірінші ханшайымы-Пэн Лиюань. Осы клипті Қытайдың телеарналары жарыса көрсетіп жатыр екен. Елпелектеп, балаша қуанған көңілім ізінше су сепкендей басылды. «Онда тұрған не бар, өнерде шекара жоқ, қазақ әні қытай тіліне аударылып, әсем ән телеарналарында орындалып жатса деп» басында қуанғаным. Пенделігім бе, жоқ әлде сақтығым ба көңілімді бір ой кеп түрпектеді. «Бәлкім, рухани мәдени экспанцияның басы болмаса игі» деген. Негізі, қытай тарихында өзге елдерді соғыссыз, қарусыз алу тәсілі сан ғасырлардан келе жатқан тәсіл. Шағын ұлттарға  көбіне қыздарын беріп-беріп жіберіп,  одан туған ұрпақты  түсінігі, тілі, түрі қытай азаматы етіп жібереді. Үйде бесік әлдилеген анасы қытай болғасын, ол бала Қытайдың тарихын әлдимен бірге естиді. Сол тілді игереді. Сосын, генетикалық тұрғыда Қытай халқының гені доминнатты. Яки, шешесі қытай болса, баласы міндетті түрде қытайларға ұқсап туады.Қытай жанындағы көп тайпа, шағын ұлттар солай жойылып кеткен. Экономикалық мүдде жолында да жымысқы әрекетті өзге елдерге көп жасайды. Көптеген құрамы  күмәнді азық-түлік, залалды киім-кеншекті екі күннің бірінде көріп жүрміз. Экспансия жасаудың тағы бір айласы – мәдениетті, сол халықтың жүрегін жаулау арқылы жүргізіледі.      

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

341

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз