+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Балаң өлді, Жошы хан!» немесе күй құдіреті


Аңыз әңгімелерде тарихтағы Жошы ханның ұлы аң аулауға шығып, сонда бір құланды жаралайды. Ызалы құлан аңшыға тап беріп, оны өлтіреді. Баласы із-түзсіз жоғалып кеткен соң, қаһарлы хан бір сұмдықтың болғанын сезеді. қаралы хабарды жеткізген жанды қатал жазалайтындығын айтып, тіпті, ол адамның көмейіне қорғасын құямын дейді. Хан баласының өлімін жеткізуге жүрексінген уәзірлер отбасынан айырылған домбырашы шаруаны сарайға алып кетеді.

 

Хан осы күй арқылы бәрін түсінеді, сөйтіп, сертін бұзбас үшін әлгі күйшінің емес, домбыраның көмейіне балқытылған қорғасын құйғызады. Ыстық қорғасын салдарынан домбыра ішектері үзіліп, 2 ғана ішек қалады. Содан бастап домбыраның көмей тесігі пайда болған екен деседі.

 

Хан баласының өлімін естірткен қара домбыра үнін естігіңіз келсе,  «Тұран» ансамблінің ерекше орындауындағы «Ақсақ құлан» күйін тамашалаңыздар!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1286

1 comment

  • Сенбі, 12 Қараша 2016 13:29 Асель

    Соны күй қылып айтқан күйші жігітің есімі кім?

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз