+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Ағатайым-ау, мені тастамашы.....»


Әйгілі әнші Күләш Байсейітова мен әнші, композитор, күйші Манарбек Ержанов екеуі туыстық жағынан бір-біріне немере болып келеді. Арғы атасы Мандар деген ақсақал болыпты. Сұрапыл соғыс кезеңінде жауынгерлерді жігерлендіру үшін Роза Бағланова апамыз бастаған Қазақстаннан бір топ әншілер майдан даласына барған. Манарбек пен Күләш сол ортада болған екен. Бірде жүк көлігімен келе жатқанда тұтқиылдан неміс ұшағы шығып, көлікті бомбалай бастаған. Зәрелері ұшқан әртістер бет-бетіне қашыпты. Күләш Манарбектің етегіне жабысып «Ағатайым-ау, мені тастамашы, өлем ғой»-деп ағыл-тегіл жыласа керек. Манарбек «Ең болмаса бір әулеттен екеуіміздің біреуіміз аман қалайық»,-деп жұлқынып кетемін дегенше, ұшақтарда көзден ғайып болып, екі бауыр бір-бірін құшақтап жылаған екен.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

395

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз