+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ШАЛ АҚЫННАН ҚАЛҒАН ӨСИЕТ


«Жігіттер, мал басым көп демеңіз,

Киім көп, тамағыңыз тоқ демеңіз.

Дәуіттің отыз ұлын бір күнде алған,

Біздерге жала-қаза жоқ демеңіз-»деп жырлаған Тілеуке ақын өнерімен жас кезінен-ақ елге танылып, шынаршақтай баланың ақылгөй ақсақалдай айтқан сөзіне орай ел-жұрт Шал ақын атап кетеді. Ақын толғауларында елін имандылық, адалдық, парасаттылыққа шақырады, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ізгілік пен надандық, адал мен харам мәселелерін көтеріп талқылайды. Шал – халық өмірін, жеке тұлғаның ішкі жан дүниесін терең философиялық деңгейде тебірене отырып жырлаған. Басқасын қайдам, осы өсиет әнші Жанар Айжанованың бір кездері абыройын асқақтатып, атын шығарды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

264

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз