+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ОСКАР» мүсіні қалай дайындалатынын білесіз бе?

  • Бейсенбі, Ақпан 25 2016

Биылғы жылдың 29 ақпанында бүкіл әлем «Оскар» жүлдегерлерінің жаңа есімдерін танитын болады. Леонардо Ди Каприо жанкүйерлерінің бұл жолы актердың қолына «Оскар» жүлдесі түсетін шығар деген үміттері ақталады ма екен? Ал жылдың «Ең үздік картинасы» қай туындыға бұйырады? Биылғы салтанатты рәсімге 4 күн қалды.

«Оскар» жүлдесін тапсыру марапаты 1929 жылдан бері АҚШ киноөнері академиясы өткізіп келеді. Бүгінде кез кезген актердың арманына айналған «Оскар» жүлдесін мүсінші Джордж Стэнли жасаса, ал оның дизайны қоюшы-суретші Седрик Гиббонсқа тиесілі. Автор домалақ кинолентаның үстінде тұрған, қылышты батыр бейнесіндегі мүсінді актер Эмилио Фернандестің дене бітімін негізге ала отырып ойлап тапқан. Ұзындығы 33,5 см жететін жүлденің салмағы 3,5 кг құрайды.

Ендеше, «Оскар» мүсіні қалай дайындалады? Оның ерекшелігі мен баға жетпес құндылығы неде? Оқырмандарымызды жүлденің жасалу әдісімен таныстырайық.

1. Алдымен қорғасын мен қалайы пішін формасына құйылады.

 

 

2. Бірнеше минуттан кейін ерітпе қоспасы қатып, формадан алынады.

 

 

3. Мүсінді ыстық күйінде мұқият қарап шығып, ақау жерлерін түзейді.

 

 

4. Содан кейін оны әбден суығанша күтеді.

 

 

5. Мүсіннің шеттері тегістеліп, қылаулары алынып тасталынады.

 

 6. Содан кейін «Оскарды» ақаулықтары бар-жоқтығына тексереді.

 

 

7. Мүсінді артық металлдардан тазартқан соң, тегістейді.

 

 

8. Содан кейін жылтыратып өңдейді.

 

 

9. Бұл жұмыстардан соң, мүсіндерді арнайы дерекқорда сақтау үшін номерлер оюланып, нақышталады.

 

10.Содан соң мүсін гальвандық ванналарға салынады.

 

11.Алдымен жұқа мыспен қапталады.

 

 

12.Кейін күміске ұқсас оңайлыққа ерімейтін ақ түсті никельмен қапталады.

 

13.Біраз уақыттан соң бұйым күміс ерітіндіге салынады.

 

 

14.Ең соңғы кезең – 24 каратты алтынмен гальвандалады.

 

15.Мына жерде мүсіннің әр ерітіндіден шыққан күйіндегі суреті көрсетілген.

 

16.Соңғы алтын ерітіндісінен соң, мүсінді тығыздалған ауамен кептіреді.

 

17.Жұмыстың ең соңғы нүктесі – мүсіннің табанына қара мәрмәр орнатылады.

 

18.Дайын болған мүсінді арнайы қорапқа орап, салтанатты марапаттау рәсіміне жіберіледі.

 

19.Мына тізіліп тұрған «Оскар» мүсіндері өз иесін күтіп тұрғандай әсер береді. Биыл бұл жүлделер кімге бұйарады екен? Оны 4 күннен кейін білетін боламыз!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
582





Пікір қалдырыңыз