+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Мың қатпарлы Маңғыстау

  • 25.02.2016

Ертеде елін дау мен жаудан қорғай, жердің шетінде, желдің өтінде, тұлғасына батырлығы, батырлығына парасаты жарасқан Маңғыстауда Масат деген адам өмір сүріпті. Оның тағы бір қасиеті-оған атқан оқ, шапқан қылыш өтпейді екен. Оны алам деп келген талай жаудың меселі қайтып, діңкесі құриды. Сонан кейін олар әр түрлі айла, сан қилы шарғы ойлайды. Ақыры, Масаттың жауынгерлікте қолға түскен жап-жас тоқалына жол табады. Сол тоқалмен жаудың жансызы әуес болады. Оған жас тоқал Масаттың осал тұсын айтып қояды. Сөйтсе, Масат таң намазына ұйып отырған кезде оның алпыс екі тамыры иіп, тұла бойы пенделік қалыпқа түсіп, бусанып кететін көрінеді. Тіпті, ол намаз кезінде Масат мекен ететін қара тас баланың еңбегіндей болып, былқылдап жатады екен. Сонан соң әлгі жансыз Масаттың осы осал тұсын пайдаланып, таң намазы кезінде оның басын шауып түсіреді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Ұлы дала елі»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз