+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"Өмірден кім өткенін білесің бе?"


«Өнер – тәңір сыйы» десек, бойға біткен қасиетті танып, оны дамыту, жан дүниені тебіренткен ерекше сезімнен туған ән ырғағын тыңдаушыға жеткізіп, көкірек көзін ояту екінің бірінің қолынан келе бермейді. «Сәби болғым келеді» әнімен танымал, отыз жылдай қазақ даласын шарлап, өз өнермен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген, Семейлік әнші, сазгер,Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Тұрсынғазы Рахимов - міне осындай өнер иесі болатын. «Үш бақытым» деп Мұқағали жырлап өтсе, «үш ұстазым бар» деп Тұрсынғазы әркез мақтанышпен айтады. Өнер жолында үш дарын иесінен тәлім-тәрбие алғаны жайлы сөз кезегін сазгердің аузынан тыңдасақ: "Мен Жүсіпбек Елебековтың шәкірті болғаныма бақыттымын. Ол кісі үнемі айтатын, «сен сазгерлікпен айналысасың» - деп. Ол кісінің көрегендігі ме, мен он жылдан кейін ән шығара бастадым. «Сені асырайтын қара домбыраң» дейтін екінші ұстазым Есімхан Обаев. Ол маған талай роль беріп сахнаға шыңдады. Сахнаға шығу үшін де шеберлік керек. Үшінші ұстазым – композитор Теміржан Базарбаев.1979 жылы алғаш әнім «Сәби болғым келедіні» жазғанда ақ батасын беріп, көп тәрбиелеген тәлімгерім еді...» 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

199

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз