+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ДӘРІГЕР ДОСҚАЛИЕВ


 

2006 жылдың күзі болуы тиіс. Әкем Қазидың күн санап хәлі нашарлап барады. Астанадағы республикалық ауруханаға түсті. Бауыры іріп, әр күн үрей туғызатын жәйге жетті. Журналистика деген мамандықтың бір жақсы жері кез-келген емен есікті именбей ашып, респондентіңмен емен-еркін сөйлесесің. Министр Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиевпен кең кабинетінде бір жарым сағат медицина саласына қатысты сөйлесіп отырмыз.Сауалдарыма жауап беріп болған Жакеме " -Аға, жасөспірімкезіңіздегі кезіңіздегі мұңды менің де көзімен көресіз бе?!-деп тосыннан сауал салдым. Бұндай сұрақ күтпеген болу керек, көзіндегі очкиді қалай сыпырып алғанын сезбеді.- Сіз жоғары сыныпта оқып жүргенде әкеңіз асқазанның онкологиясына шалдығыпты ғой. Сонда жылап жүріп Сіз іштей өз-өзіңізге серт беріпсіз. Өскесін дәрігер боламын, асқазанның ісігін емдейтін тәсілді табамын деп. Ия, дәрігер ғана емес министр болдыңыз, асқазанға ішекті жамап, жаман ауруды тоқтатудың әлемдік тәсілін іске енгіздіңіз. Алайда жасөспірім шағыңыздағы мұңды, қайғыны менің көзімнен оқисыз ба?- дегенде Жакемнің көзі жасаурап кетті. -Не болды? Әкең кім? Данабаев Қази? Қызылорда облысынан маған звондады мен қадірлейтін кісілер! Ауруханада күндізгі обходта қарап жүрмін ғой,- дей келе Жакемнің түрі бұзылыңқырап кетті - Дерттің дендегені соншалық Нұрланжан, әрі кетсе жарты жыл, папаң болмайды,- деп бір күрсінді. Түйіліп отырып қалдым. Сөйтсем әкем "Аманат"өлеңін шығарып,"дайындалып" жүр екен! Өлеңін оқығанда бір-ақ білдім. Аз уақыт сауыққандай болыпта жүрді. Қызылордада жаны қиналып жатқанда Жакеме телефон шалдым, жанымды қоярға жер таппай. Ертесіне, Астанадан реаниматолог пен гепатологты ұшақпен жіберді. Министр Облздравқа звондағасын, бүкіл аурухана екі дәрігердің соңында жүрді. Реанимацияда Астанадан әкелінген бауыр клеткаларын салып, әкем екі күн бой жазды.Деседе болмады, дендеген ауру дегеніне жетті.
Сол Жакем қазірде туған әкемдей болып кетті. Хабарласып тұрамын. Кешегі дәрігерлер күнімен құттықтауымда" Жақсылық Ақмырзаұлы, билік- ешбір нарсенің өлшем бірлігі емес, бүгін барда ертең жоқ! Дертіне шипа іздеп сандалып жүрген мың бір қазаққа дәрігер Досқалиев керек",- дегенде, -"рахмет айналайын, отбасыңа менен дұғай салем де, медицина ғылымына өле-өлгенше қызмет етемін,-деп жүректегі сөзін айтты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

414

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз