+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ХАСЕН ӨРАЛТАЙ


               -Алло, амансың ба балапаным?

               - Да. Кто это?

               - Мен Хасен Өралтай деген ағаң боламын. Түркиядан Алматыға келген едім.

               - Да.....

               - Қази ағаң керек еді?

                -Ага, я не могу на казахском говорить

               - Мен орысша мүлде сөйлей алмаймын. Қазақша, түрікше, немісше не ағылшынша айт!

                -...............Хасен аға телефон құлағын тастай салды дейді.

                  Хасен Өралтай ағамның әкемді соңғы іздеп Алматыдағы ағайындарына хабарласқанда, 

                  мектеп жасындағы бауырыммен «тілдесіпті».

 

«Желтоқсан» оқиғасын 1986 жылы Кеңестер Одағы «Алматыда алаңға шығып, есірткі пайдаланып, арақ ішті»- деп теріс жарапазан айтып жатқанда, «Азаттық» радиосы тоталитарлық саясатқа наразылық білдірген жастар билікке талап қойды»-деп алғаш ақиқатты Еуропаға Хасен Өралтай ақпаратпен жариялады. Қанша бүркемелегенімен СССР күтпеген ақпарат Еуропа арқылы тарыдай әлемге тарап кетті. Сол Хасен аға әкеммен өте жақын араласып, 2 мәрте әкемді Түркияға қонаққа шақырды. Екі- үш апта емен-жарқын сөйлесіп, елдегі жағдай, шығармашылық ортада болып жатқан жаңалық бүге-шігесіне дейін айтылды. Хасен аға Түркия армансыз аралатып, елді-мекендеріне дейін апарған. Қандай сыйластық десеңізші?! Кейін әкем ауырып, басымен әлек болып кетті. Хасен Өралтайға денсаулығына байланысты жазған хаты аяқсыз қалды.         

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

284

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз