+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"АЛАҢ ДА АЛАҢ, АЛАҢ ЖҰРТ..."


Абылай хан дүниеден өтер алдында қоштасуға келген Бұқар жырау : «Хан ием, не арманың бар?», – деп сұрайды. Абылай хан сонда: «Үш арманым бар. Біріншісі, менің елім мал емшегін емген ел еді, аяғына дейін жер емшегін емгізе алмадым. Екінші, менің тұсымда қан көп төгілді.Еліміді қорғаймын деп жоңғар мен қалмақты қанға бөктірдім. Енді, сол батырлығым о дүниеде таразы басына обал болып, болмаса сауап болып жазылатына көзім жетпей,шақшадай басым шарадай болып жатыр! Егер мен жаудың қанын төкпесем, ол менің қанымды төгетін еді. Үшінші, Үш Жүздің басын қосып, қазақ деген ұлтты ұйыстыра алмай  қапаланып бара жатырмын», – деген екен. Үшінші арманын айтқанда, қол қусырып тұрған Бұхар жырау отыра қалып «Бәрінен де соны айтсайшы»-депті.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1005

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз