+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«СЕНДЕРДІ КҮНДЕ КӨРЕМІН...»


Кеңес Одағы тарап, «тәуелсізбіз» деп айтқанымызбен тәлтіректеп, жарығымыз жанып-сөніп, аналарымыз қытайдың дорбасын тасып, сауда жасап жүрген 1997-ші жылдар еді. Осы кезеңде «қылшығы қисаймаған», кеңшардың  техникасын сатқызбай серіктестікке айналған Қызылорданың  іргесінде «Шаған» ауылы болды. Қожақмет Дәдікбаев деген іскер жігіт, ауылдың ақсақалдарын жинап, техниканы сатпауға, серіктестіктегі әр адамның жұмысын, алатын табысын жариялы түрде айтып отырды. Ана ауыл екі-үш жылда масқара байып, Канаданын «Джон Дир» дейтін комбайнын алдырып, ең үздік бригададаға «Жигули» көлігін сыйға тартатын жағдайға жетті. Егер комбайнның бір жабдығы керек болса,  рациямен қалада жүрген экспедиторге хабарласып, қолма-қол алдыратын болған. Қожекеңді Ресейдің кәсіпкерлері іздеп кетіп, сұраған техникасын жеткізіп береді екен. Қысқасы, Қызылордада Қожекеңнің аты аңызға айналды. Көз бен сөз қойсын ба «ауылға болсын» деп жүрген азаматты көлік апаты алып түсті. Шаруашылыққа інілері жетекшілік еткенімен, Қожабек ағадай қарым қайда, аз уақытта  ауыл «таз қалпына» түсті.  «Шаған» Қожабекті көп жоқтады. Туыстары әкем Қази Данабаевқа кітабын жаздырды. Қол жазба дайын болған кезде «кітаптың атауын айтыңыз?»- деп олар әкеме қолқа салыпты. Ойлана келе, әкем  кітап атауын «Сендерді күнде көремін»-деп қойыңдар,- деп  інілеріне айтып жіберген. Екі-үш күннен кейін барлық туыстары үйге келіп  «Бұл атау болмайды, Қожекең о дүниеден «Сендерді күнде көремін» деген сөзі мен суреті бізге ауыр болады , әрі біз ол сөзге лайықпыз ба, жоқпыз ба соны да білмейміз?» деп күмілжіген. Сөйтіп кітаптың аты «Қыран қия» болып шыққанымен, Қожекеңнің арманы іске аспай қалды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

313

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз