+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ДОСТАР, ДОСТАР ЖҮРСІҢ ҚАЙДА....?»


Германияның Мюнхен қаласында тұрған әйгілі спортшы Мұстафа Өзтүрік балаларына кішкентай күнінде «Сендер ержеткесін елге ертіп апарамын.Естеріңде болсын менің  Қазақстанда сенімді екі досым бар. Бірі Иманғали Тасмағанбетов,  енді бірі Қырымбек Көшербаев»-деп айтып кеткен екен. Кетер адам кетті. Балалары ер жетті.  Араға 10-15 жылды сағымға орап жылдар өтті.  Осы әңгімені Мұстафаның баласы Германияға  Өзтүрік туралы фильм түсіруге барған тележурналистерге айтады ғой. Олар іссапардан келгесін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетовтың көмекшісіне шығады.  2013 жылы балалары  Алматыға келгенде  Имекең Астанаға арнайы шақырып алып, емен-жарқын жағдайда, тележурналистерсіз, камерасыз ұзақ сөйлесті дейді. Қызылорда облыстық әкімшілігінде жүргенде маған да жеткен осы хабар, өкінішке орай Қырымбек Елеуұлы шетелде іссапарда болып, Мұстафа ағаның қос ботасымен  жолықтырудың мүмкіндігі келмеді. Әлі өкінемін, сәті түспегенге! Мұстафаның бір сөзі үшін әкім емес пақыр да тұрар еді әйтпесе!   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

460

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз