+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



МАХАББАТ - БАҒЫ ҒОЙ ЕКЕУДІҢ..........!!!


Бір имам құм төбенің басында жайнамазын жайып қойып намаз оқып жатса керек. Сөйтсе, әлгі молданың ту сыртынан Ләйліні қолынан жетектеп, Мәжнүн өткен екен. Бір уақытта имам намазын оқып болды деген шақта "Мәжнүн, бері кел!"-деп дауыстап шақырып алыпты. -Сен не деген көргенсіз бала едің, намаз оқып отырғанымды көрдің, имам екенімді шырамыттың!!! Неге сөйте тұра ту сыртымнан өтесің, -десе керек ашу шақырып, -Елдің неге сені Мәжнүн деп айтады десем, соған лайық екенсің ғой,- деп әлгі молда бастырмалай жөнеліпті. Әлгі Мәжнүн сөз сөйлеуге қариядан рұқсат сұраса керек. -Менің ғашықтықтан Ләйліден басқа адамды көрмейтін жағдайға жеттім. Ағаттық жасадым, кінә менен- депті. -Алайда намазға жығылған адамның кеуілі де пейілі де,ынта ықыласы да көзі де тек Аллаға бағытталатын еді. Көзіңіздің қиығымен бізге назарыңызды аударғаныңыз, Аллаға деген ниетіңіздің алалығын байқатады,- деген екен. Имамның басы сылқ етіп түсіп, тілсіз қалыпты!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

191

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз