+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АМАЛЫН ТАУЫП АЙТҚАНЫМ....


«-Маңғыстау, Маңғыстау болғалы басқаны қайдам, нанға тойып жегені тек 1961 жылдардан басталды,-деп бастады Әбіш Кекілбаев ағамыз әңгімесін.Кеңес Үкіметі  Атыраудың мұнайлы екі ауданын түркімендерге бергелі тұрғанда, қос  ауданнан бір облыс жасап Димекең алып қалды. Бағарға малы, төрт түлік  жаярға шөбі жоқ аймаққа Астраханьнан кемемен көмір, ағаш тасытып тұрғындарға  бар қамқорлығын жасады. Ал енді, адайлардың билікті мойындамайтын бірнеше тарихи себептері бар. Заманында Маңғыстау жері  Қап тауындағы Тифилиске (Тбилиси) де бағынды, оңтүстіктегі  Хиуа мен Хорезмнің де әмірі жүрді. Қолы ұзын, қарымы қуатты Кеңес Үкіметі 1917 жылдан күшіне мінгенімен, Маңғыстауда өз билігін тек 1930 жылдары жүргізе бастады. Иә, республикадан облыстың шалғай (переферия) жатқаны да белгілі бір дәрежеде әсер етті. Намысын таптатпаған адайлар сосын өмір бақи түркімендермен соғысумен келді.».....Осы Әбекең айтқан оймақтай ой, көкейімде жүрген күрмеуді шешті. Бабасы батыр болған елдің «біздер адайлармыз»,- деп төсін қаққанымен «Әлімнен тараймын»,- деген сөзіңді естісе, төріндегі ақсақалы «Аға баласы, бері кел» деп қасынан орын беретін құрметтің де шет жағасын көрдім. Қуандым. Дінін білмеймін, дәстүріне берік.  Жақсы да, жаман да, есер де, есті де бір-бірімен шырмалып жатқан мына заманда «адайлармыз» деген сөзді естуге оншалықты құлқым болмады. Мақтаныш шығар, алайда кейде есерліктің де желі есетіндей сезіндім. Ұжымда жиналыс өткізіп, жұмыс барысын талқылағанда да осы сөзді айтпаса да тегіс жерде тектен-тек тіресуге, көңіл түкпірінде  арғы атасын пұлдау ниеті байқалады. Бірде сұрадым «Жарайды, мен Астанадан келдім. Сырттың адамымын. Бір сауал, осы адайдар қазақ па, жоқ өз алдына дербес ұлт болмаса  ұлыс па?»,- деп сауал тастадым. Ақырын эмоциямды бағып отырған көпшілік «әрине қазақпыз»,-деп шуласты. «Онда осымен тәмам, тек қазақпыз деп сөйлейікші»,-деп едім, естісі де есері де содан кейін әлгі әңгімеге оралмайтын болды. Амал мерекесімен құтты болсын!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

324

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз