+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«АУЛ УХОДИТ В НЕБО...»


«-Мына мақаланы оқыдың ба? Масқара ғой. Қазақтың қасіреті ғой»,-деп мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мазасызданып «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мақаланы баспасөз хатшысының  қолына ұстатыпты. Көлдей мақала емес, шағын ғана материал. 1997 жылы Дулат Исабеков «Аул уходит  в небо» деген оймақтай оймен ауылдың сол кездегі көрінісін дәп басқан. Жарық-жанып сөніп, жұмыссыздық жаппай жайлап, ауыл халқы қалаға сенделіп, кәсіпкерлік деген түсінік аналарымыздың арқалаған ала қабымен көз алдыңа елестейтін кез еді. Сондай қысыл-таяңда бір қазақ отбасымен құдасының амандығын сұрауға бір ауылдан бір ауылға қонаққа келіпті. Құданы құдайындай сыйлап дағдыланған үй иесі құшақтасып қауышқаннан кейін, қорасына бет алған. Дәстүрге  сай қонаққа қой сойылуы тиіс. Аты қора болмаса, мал атаулысы қалмаған. Соған азаланған әлгі үй иесі азаланып асылып қалыпты. Бір ғана деталь. Жантүршігерлік жағдай. Осы мақаланың пәрменімен  көп ұзамай елімізде «Ауылшаруашылығын дамыту» бағдарламасы қабылданды. Азды-көпті шаруашылықтар құрылды. Ебі бар ауыл қазағы төрт түлікті көбейтті. Иә, соярға тышқақ лағы жоқ бауырларымыз да  ауылда өріп жүр. Күні кеше ғана жұмыс барысымен ауылды жағалап қайттым. Кезінде 200 шаңырақ болған ауылда қазірде 50 ғана отбасы қалған. Жастар жоқтың қасы. Қалаға кеткен.  Ауыл адамдарының көбісінің дерлік жүрегі таза, ақкөкірек. Алдыңа түсіп жүгіреді.Ішкі есебін түгендеп, бас пайдасына бүтін болып тұратын қаланың қазағынан мүлде бөлек. Іштей аяп кеттім. Көбесі сөгілген ауылдың көрінісіне қынжылдым. «Не істесе болады екен?»,- деген сауал көліктің ырғағымен Астанаға жеткенше көкейімді тесіп келді.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

256

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз