+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘЛІ ДЕ ҚИМАЙ ЖҮРМІН-АУ....


«Сезімім өрнек сетінеп кетсе бір жібі,

Қиын емес екен қайғыға қарай құлдырау

Алтыным сені,

әлі де қимай жүрмін-ау», – деп сезімнің пернесін дөп басып, 2006 жылдары Еркін Нұржановтың орындауында «Алтыным» әнінің  бағы жанды. Әдетте, көрерменнің һәм тыңдарманның жүрегін әлдилеген ән әншісімен есте қалады да, өлең авторы мен сазгері тасада елеусіз қалып жатады. Бұл әннің сөзі мен әнін тұлымшағы желбіреп Алматыда бірінші курс оқып жүргенде ақын Жанар Әбсадық жазған екен. «18 жаста туған ән. Әрбір шығармашылық адамының жүрек түкпірінде сақтайтын сағынышы, өз музасы болады. Бұл ән өз жүрегімде ғана қалатын, ешкімге айтпайтын кейіпкеріме деген сағыныштан туды. Лекцияда отырғанда ыңылдап әні келе бастады. Сосын жатақханада гитараға түсіріп көрдім. Әп-әдемі ән боп шықты. Өлең шумақтарын сәл кейін өрдім. Әнші курстасым Роза Әлқожа бірден ұнатып, жастар кештерінде орындап жүретін. Осы әуенді кейін Еркін Нұржанов Розаның орындауында тыңдап, әнді ұнатып, орындауға рұқсат сұрап өзіме қолқа салды.  Еркін әнді жеткізе орындайтын талғамды әншілердің бірі, шығармашылық бағыты өзіме ұнайтын болғандықтан келісімімді бердім.  «Алтыным» осылайша Еркіннің орындауында үлкен сахнаға шықты.»

 

Арылтып жатыр

Алты айғы қысқы қар мұңнан.

Сонда да болса да,

Ерімей жатыр бір қырау, – деп сағыныш пен қыраудың астасуына қарағанда, қыс пен қимастықтың сәйкес келуі де заңдылық. Бұл шығармашылық шегініс пе, жоқ әлде қарға оранған қыста жөргегіне бөленген ән бе, оны автордың өзі біледі.  Әдемі ән әлі де талай жастың жүрегін тербейтіні сөзсіз.      

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

586

1 comment

  • Сенбі, 08 Қазан 2016 10:55 Сараш Саxиқызы

    Жарайсың, Жанар!
    Осындай туынды сені биіктете түседі.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз