+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТЕМКЕҢНІҢ ТӘСІЛІ


Нарком (білім және ғылым министрі) Темірбек Жүргенов табиғатында керемет ұйымдастырушы  болған. 1936 жылы Мәскеуде өтетін Қазақстанның 10 күндігіне өнер қайраткерлерін бір жарым ай бұрын дайындауға кірісіпті. Күнделікті таң ертеңгілік әртістердің бірі ұйықтап қалса, бірі кешігіп келіп, репетицияның  күйі кеткен. Батыстан келген атақты әнші Ғарифулла Құрманғалиев «Жүргенов арнайы шақырды»деп қонаққа шақырған жерде түнімен сілтіп, кеш келуді дағдыға айналдыра бастапты. Әнші Күләш пен биші  Шараның  бойжетіп, қылтыңдап жүрген кездері. Содан, Темкең арнайы бұйрық  шығартып, «Мәскеуге баратын әртістер сағат 8. 00-де нарком жанындағы асханаға келу міндетті» деп бекіткен. Нарком таңертеңгілік сол уақытта үстелдерді бір қатарға тізіп, ботқасын алдына алып, сағатына қарағыштап, бәрін уақытылы жиналуына дағдыландырған. Ғарекең де, қылтыңдаған қыздар да содан кейін әлгі әрекеттерін сап тиыпты. Темкең  дастархан басында отырып-ақ  бишінің де күйшінің де, әншінің де дайындығын байқап, сауал тастап, ешкімнің кеуіліне келмей  ақырын аңдайды екен.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

217

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз