+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



МАҢҒЫСТАУДА ҚАЛҒАН БІР СҮРЛЕУ


Өтежан Алшынбаев деген Маңғыстауда қадірі қария болды. Елге істеген еңбегі ұшан-теңіз. 90 жастан асып қайтты. Сөзі оқтың міріндей, адамның ойын көзінен оқитын, аурасы бала секілді сөйте тұра ақсақалдық жолынан, сөзінен бір сүрнікпей барып, жөнелді. Бергісі Маңғыстауға ат ізін салған  Шәмші, Төлеген арғысы Маңғыстаудың дәулескер күйшілердің көзін көрген абыз еді. Ол кісіні Әбіш аға да, Фариза апа да әкесіндей сыйлады. «Көпшілік шарада  ел арасынан бірінші шүйкедей ғана ақсақал Өтекеңді іздейтінмін»,- дейтін Қырағамның (Қ.Көшербаев) сағынышы әлі  де болса басылған жоқ. Осындайда Әйтеке атамның « Адамның өмірі өзгенікі, өлімі өзінікі» деген даналық сөзі еске түседі. Өтекеңді жөнелткенде келген адам нөпірі Маңғыстауға сыймай кетті. Соңғы сапардағы құрмет те өлшенеді. Ал, тіршіліктегі  елге жасаған еңбек, бала-шаға қамы, өз ішінен шыққан перзенті  болса да «өзгенікі» болып қала береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

200

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз