+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚОРҚЫТ-БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН...»


«- Мына сөзің не?  Қорқыт-бабалардан қалған,Қобыз –өкініш пен арман.... басқа сөз таппадың ба? Махаббат пен арман...деп бастамайсың ба? әдемі әуенді. Болды музыкасын бермеймін»,-деп өз сөзіне өзі тұтыққан атақты композитор Рамазан Тайманов ақын Оңталап Нұрмахановқа ашуланыпты. Бір параққа жазылған өлең сөреде сол күйі  бір жыл жатқан. Келер жылы Қызылорда облысы «Қорқыт жылын»атап өтетін болып, өнер иелері  ән таба алмай зыр жүгіреді. Осы ретте Рекеңе  Оңталап  ақын сөреде жатқан өлеңді есіне салады. Салып көрсе, керемет рухты ән жарқ етті. Дереу әнші Гүлнұр Оразымбетоваға орындатып,  сөзі мен әні үйлескен керемет туындыны жөргеніне бөледі. Соңында «Қорқыт»әні «Азия дауысын» жарып, бір әншінің бағына байланған әуен болып, ел есінде қалды.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

343

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз