+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



О, ЖАУЫЗ...!


Нарком (білім және мәдениет министрі) Темірбек Жүргеновті қолынан қайырып, кеңседен алып кетіп бара жатқанда жары Дәмеш соңғы рет көріпті. Темкеңнің ештеңе айтуға шамасы келмей тек мойнын артына бұрумен кеткен. Содан НКВД күйеуі қамалған жалғыз әйелді сорлатпай ма! Үйін тінтіп, құжаттарды өртегені аздай, апайдың іш киіміне дейін тексерген. О, жауыз! Апан-топан суретті әлгілер сүйрелеп сыртқа шығарғалы жатырғанда, Темкеңнің жалғыз суреті қалықтап барып, керуерттің астына түскен. Одан басқа жібі түзу Темірбек ағадан суретте қалған жоқ. Ал, Дәмеш қазақтың бес облысын  «күн көсем» Лениннің алдында дәлелдеп, ел кәдесіне алып қалған Әлімхан Ермековтің қарындасы еді.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

204

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз