+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Аға Жүрсіннің ұлы махаббаты...

  • 22.03.2016

Ұлытау ұландары өз тағдыры мен талантының қайнар бастауын қашан да туған өлке топырағымен байланыстырады. Сондай ұландардың бірі де, бірегейі – Жүрсін Ерман. Ұлытаудың етегінде дүние есігін ашқан бала Жүрсін, осы киелі мекенде ат жалын тартып, теңін тауып, өмірден өз орнын тауып, Жүрсін болып қанаттанды. Қазақ айтысы десе, лезде көз алдымызға осы Жүрсін ағаның бейнесін елестетеміз. Елдігімізді, тәуелсіздігімізді алғаннан бастап, ұлтымыздың дәстүрлі құндылығы – Айтыс өнерін қайта жаңғыртып, сахнада бірталай жас суырып салма ақындарды алып шықты, оларды қазақ жұртына таныстырып, қанат қақтырды.

 

Ал жығылғанда тірек, мұңайғанда демеу, жабыққанда жебеу бола білген оның өмірлік жары Бақытжамал апаймен тағдыр қалай табыстырды екен? Жүрсіндей ағаның көзіне ілігіп, жары атанған Бақытжамал апай нар тұлға жайында, сахнадағы емес, өмірдегі, отбасы – ошақ қасындағы Жүрсін Ерман туралы не дейді? Оны бағдарлама барысында біле аласыздар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Егіз жүрек»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз