+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНЕ БАЗЫНА.....!!!


«-Ата, Сіздің академик болғаныңыздан не пайда? Шығарып берген есебіңізге ағайым 3 қойды»,- деп атақты математик Асқар Жұмаділдаевқа жақын інілерінің баласы «шағым» айтыпты. Асекең баланың дереу дәптерін алып, әрі-қарайды бері қарайды. Жауабы дұрыс. Мұғалімнің 3 қойғанына таң қалып, әлгі баланы ертіп ертесіне лицейге барады. Асекеңнің аурасы белгілі ғой, балаша қалбақтап мұғаліммен кездесіп,  жеке кабинетте есепті талқылауға кірісіп кетеді. Сөйтсе, әлгі мұғалім бұл есепті шығарудың жалғыз ғана  күрделі формуласын біледі екен. Асекең одан жеңіл, тез шешілетін басқа формулаға салып келіп жібергенде әлгі мұғалім «есебінен» жаңылған. Содан отырып алып ұстазға осы есепті шығарудың  5-6 формуласын үйретіп кеткен. Кеше осы әңгімені балама айтсам тиянақтап тыңдады да «Білім министрлігіне, кітап шығарушыларға ұсыныс  жасау керек,»- деді де мектеп бағдарламасындағы қисынсыз  күрделі формулаларды талдап кетті. – Әке, менің жеке мұғалімім мектеп бағдарламасынан тыс жеңіл, уақыт үнемдейтін формулаға үйретеді. Мектептегі олимпиаданы  солай жеңіп алдым. Ол тәсілдерге салмасам, ана ежектеген тәсілдеріне оқушы тұрмақ, мұғалімдердің өздері шатысады. Қанша класстастарым қор болып жүр? Соларға қиын»,-деп сыныптастарын аяп қояды.  Дастархан басында екеуміз мынадай уағдаға келдік. Міржақып Дулатовтың мектеп оқушыларына арналған «Есеп құралы» оқулығы мен Әлімхан Ермековтің студенттерге арналған «Ұлы матиматика курсы» оқулығын іздейтін болып келістік. Ол оқулықтар тікелей Әлихан Бөкейхановтың тікелей бақылауымен жарық көрген оқулықтар. Ұлт алдындағы обал мен залалды білетін зиялылардың математикалық өлшем бірліктерін екшемекшіміз. Кітапты табуға кім көмектесе алады?      

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

472

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз