+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«АЗ СӨЗ - АЛТЫН....»


-Әйелдің сымбатты болмағы неден? -Еркектен. -Әйелдің қымбатты болмағы неден? -Еркектен. -Әйелдің базарлы болмағы неден? -Еркектен. -Әйелдің ақылды болмағы неден? -Еркектен. -Әйелдің бақылды болмағы неден? -Еркектен. Осы жерге келгенде шамасы Сәлі молданың терме сөзі ада болса керек. -Сізге дауа жоқ екен? - депті. -Сұрағыңызға қарай жауап, өзіңізге де сауап, - депті Шоң би. -"Әйелден, әйелден", "еркектен, еркектен", - дей бересіз. Түсіндіріп, таратып айтпайсыз ба, бүл бір-бір ауыз сөзіңізге кім түсінеді? Мәселенкі "жақсы мынадай болады" деп оған дәлел келтірмейсіз бе? - депті молда. Сонда Шоң би:Ей, молдеке, - депті. - "Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын" деп шолт қайырыпты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

599

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз