+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Саңырық батыр

  • 24.03.2016

Саңырық батыр — жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі атақты батырлардың бірі. Әкесі — Тоқтыбай да батыр болған. Ол кісі кезінде батырлығымен бірге, таймас турашылдығымен, ауытқымас әділдігімен де елге танылып, аты шығыпты. Әкенің осы қасиеті балаларына да жұғып, Саңырықтың ағасы Дәнен де, інісі Сарымерген де батыр болған. Атадан балаға берілген әңгімелер арқылы Саңырықтың бүгінгі ұрпақтары аталарын: "Ұзын бойлы, жауырыны сәл еңкіштеу, қолдары әлеуетті, ала көз, түсі суық, сұсты кісі болған" — деп суреттейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз